Әлеуметтік желі қолданушысы Айдын Кен Ресей мен Украина соғысы жақынарада аяқталуы мүмкін екенін жазды, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі.
***
Украинадағы соғыс ақпаратын біраз уақыттан бері жарияламаппын. Кәзір демек майдандағы маңызды оқиғаны атап өтудің уақыты келді. Украинада толық қанды бетбұрыс болды. Енді бастама Украина қарулы күштері жағында!
Мұның бәрі Купянск және Покровск секторларында басталды: әскери сарапшылар 3000 ресейлік сарбаздың қоршауда қалғанын атап өткен тұғын. Өкінішке орай, бұл ақпаратты батыс агенттіктері әлі растаған жоқ.
Бірақ шындығы анық: Ресейдің жыл бойы жаппай шабуылы бәсеңдеп, ал Украина қарулы күштері өз жерлерін жәйләп қайтара бастады.
Ресейлік солдаттардың шығыны жалпы саны әлдеқашан 1 миллионнан асты. Халықаралық Қызыл Крест ұйымында сол орыстардың шығынның тіпті аты-жөнінің тізімі бар.
Украиндықтардың шығыны азырақ, шамамен 1:5 қатынасында, яғни шамамен 200 мың. Бұл, әрине, бейресми деректер. Украина үшін бұл айтарлықтай шығын.
Украина Омбыға дейін жететін «Томагавк» зымырандарын пайдалануға АҚШ пен Трамптың өзінен рұқсат алыпты. Бірақ Томагавк әлі жеткізілген жоқ. Украиналық «Фламинго» зымырандары сынақтан өтуі аяқталуға жақын, бірақ жаппай өндіріске салынуы әлі де ерте. Сарапшылар 2026 жылдың көктеміне қарай болжап отыр. Томагавк 2025 жылдың қараша айының басында келеді деп жоспарлануда.
Украина жасырын түрде ядролық қаруды дайындап жатыр деген ақпараттар да бар.
Осы уақытта Мәскеуде қызу қанды әрекеттер жүріп жатыр. Мұны тіпті британдық барлау қызметі да байқапты. Бас штаб пен ресейлік генералдардың көпшілігі ызаланып жүр және Ресей жеңеді деп санайтындар өте аз. Не зачистка не төңкеріс қауіпі болуы әбден мүмкін. Ресейдің экономикасы кәзір әлсіреп жатыр, қаржы жетіспей жатыр. Халыққа төлейтін жалақыны ұстап қалу фактілері көп. Бүкіл өнеркәсіп көздері дағдарысқа ұшырап жатыр. Белгілі экономисттер Ресейдің экономикасы 2026 жылдың жазына шейін ғана мүмкіндігі бар, олан соң шаруамыз бітті деп дабыл қағуда.
Бұл жақсы белгі: соғыстың аяқталуының айғағы!