Сенегал Африка Кубогындағы чемпионы атағынан айырылып, даулы мәртебе Мароккоға бұйырды
Африка футбол конфедерациясының аппеляциялық кеңесі (CAF) Африка ұлттары кубогы регламентінің 84-бабына сәйкес Сенегал құрамасы Африка ұлттары кубогының финалдық матчында Мароккодан жеңіліс деп жарияланады. Жеңіс пен чемпиондық титул марокқалықтарға берілді.
Еске сала кетейік, биылғы жылдың 18 қаңтарында өткен финалда Сенегал құрамасы 0:0 есебімен 90+8-ші минутта алаңнан шығып кетті.
Кейінірек сенегалдықтардың көшбасшысы Садио Мане футболшыларды алаңға қайтарды. Бірақ мароккалық Браим Диас 11 метртлік айып добын қақпада тулата алмады.
Оның есесіне қосымша уақыттың 4-ші минутында марокқалықтар қақпасына айып добы белгіленіп, Папа Гейе соққан жалғыз гол Сенегал құрамасын алға шығарып, финалда жеңіске жеткізді.
Бірақ марокқалықтар қарсыласының алаңнан кетуіне байланысты апелляция берді. Екі айдан кейін Сенегалды чемпион атағынан айыру туралы шешім қабылданды,- деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі.