Соғыс Бежіңді тығырыққа тіреді: Қытайдың Таяу Шығыстағы таңдауы
Парсы шығанағындағы қақтығыстың ушығуы Қытай басшылығын күрделі геосаяси таңдау алдында қалдырды. Бұған дейін ресми Бежің ұстанып келген «тауда отырып, жолбарыстардың шайқасын бақылау» стратегиясы енді елдің мүдделерін толық қорғай алмай отыр. Аймақтағы энергетикалық инфрақұрылымға жасалған соққылар Қытайдың мұнай жеткізіліміне ғана емес, Таяу Шығыстағы ықпалына да қауіп төндіре түсті https://haqqin.az/oldage/379152.
Инвестициялар қауіп астында
Ши ЖиңПиң жүргізіп отырған саясаттың негізі — 2021 жылы Иранмен жасалған 25 жылдық стратегиялық әріптестік келісім. Бұл келісім аясында Қытай Иранның энергетикасы мен инфрақұрылымына шамамен 400 миллиард доллар инвестиция салуға міндеттенген еді.
Алайда қазіргі соғыс бұл жоспарларға елеулі өзгеріс енгізуде. Қытайдың Мемлекеттік кеңесінің бұрынғы кеңесшісі Хуэйяо Ван жағдайдың «өте күрделі» екенін атап өтті. Оның айтуынша, Қытай бастапқыда АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы әрекеттерін айыптағанымен, кейін Иранның Парсы шығанағындағы араб елдеріне соққы беруі Бежіңнің өз мүдделеріне тікелей әсер етті.
Ормуз бұғазы – басты тәуекел
Қытай үшін ең үлкен қауіп — Ормуз бұғазы арқылы мұнай жеткізілімінің үзілуі. Қытай энергия ресурстарының 70 пайыздан астамын импорттайды, сондықтан бұл бағыттың жабылуы ел экономикасы үшін ауыр соққы болмақ.
Сондықтан Бежің үшін Иранмен байланыс қаншалықты маңызды болса, Сауд Арабиясы, Катар және Біріккен Араб Әмірліктері сияқты елдердің тұрақтылығы да соншалықты маңызды.
Бұған қоса, 2026 жылдың маусымына жоспарланған «Қытай – Араб елдері» саммиті де болу һәм болмауы екіталай дүниеге айналып тұр. Аймақтағы тұрақсыздық Қытайдың басты сауда серіктесі ретіндегі позициясын әлсіретуі мүмкін.
Трамп факторы және энергетикалық қысым
АҚШ-тың қазіргі саясаты да белгісіздік тудырып отыр. Дональд Трамп әкімшілігінің түпкі мақсаты — Қытайды ирандық мұнайдан толық ажырату болуы мүмкін деген болжам бар. Мұндай қадам жаһандық экономикалық дағдарысқа алып келуі ықтимал.
Өйткені бұл тек Қытайға ғана емес, Жапония мен Оңтүстік Корея сияқты АҚШ одақтастарына да әсер етеді. Сонымен қатар Еуропа экономикасы да энергия тапшылығына тап болуы мүмкін.
Қытай соңғы жылдары «жасыл энергетикаға» көшу бағытын күшейткенімен, көмірсутек ресурстарының кенет тапшылығы әлемдік нарықта бағаның күрт өсуіне әкеледі. Бұл өз кезегінде АҚШ ішіндегі экономикалық жағдайға да кері әсер етуі мүмкін.
Әлібек БАЙБОЛ, Абай атындағы ҚазҰПУ Филология факультетінің аға оқытушысы, «Қыр баласы» ҚҚ Басқарма мүшесі, ҚР Ұлттық құндылықтар академиясының толық мүшесі, әдебиеттанушы-ғалым, алаштанушы:
Үміт – келіссөздерде
Пекин Вашингтонмен диалог арқылы жағдайды тұрақтандыруға үміт артып отыр. Алдағы уақытта Дональд Трамп-тың Қытайға сапары шешуші кезең болуы мүмкін. Қытай тарапы АҚШ-тың қауіпсіздік кепілдіктерін сақтай отырып, өзінің экономикалық ықпалын жалғастыруды қалайды.
Сондай-ақ Пекин сауда соғысын тоқтатып, санкцияларды жеңілдетуге үміттенеді. Өз кезегінде Қытай Иран мәселесінде конструктивті ұстаным танытса, АҚШ «бір Қытай» саясатын қайта растауы мүмкін деген үміт бар.
Сөз түйіні
Бүгінгі таңда Қытай Таяу Шығыста күрделі тепе-теңдік сақтауға мәжбүр. Бір жағынан — Иранмен стратегиялық әріптестік, екінші жағынан — Парсы шығанағындағы араб елдерімен экономикалық байланыстар.
Сарапшылардың пікірінше, Пекин мен Вашингтон жаһандық тұрақтылықтың негізгі «тіректеріне» айнала алады. Алайда АҚШ Қытаймен ықпалды бөлісуге дайын ба — бұл әлі де басы ашық сауал.
, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі.