Таяу Шығыстағы соғыс: Кім ұтты, кім ұтылды?
Әлемдік нарықты шарпыған жаңа дағдарыс: Йоркширдегі жылу бағасының өсуі мен Пәкістандағы мектептердің жабылуы — бұл Тегеранның экономикалық соққыларының алғашқы белгілері ғана.
Таяу Шығыстағы шиеленіс жаһандық экономиканы екіге бөлді. Бір тарап энергия ресурстарының қымбаттауынан орасан зор пайда тауып жатса, екінші тарап инфляция мен өндірістің тоқтауынан зардап шегуде https://www.bbc.com/news/articles/c3wlwnn05zqo.
Мұнайдан «алтын» айырғандар
Бүгінде жасыл энергия туралы сөз көп болғанымен, әлем әлі де мұнай мен газға тәуелді. Ормуз бұғазындағы блокада мен Сауд Арабиясы мен Катардың инфрақұрылымына жасалған шабуылдар дәстүрлі жеткізушілерді тығырыққа тіреді. Бұл жағдайда балама жол іздеген сатып алушылар өз назарын басқа аймақтарға бұрды:
Норвегия мен Канада: Бұл елдер өздерін «тұрақты және сенімді» серіктес ретінде көрсетіп, өндіріс көлемін арттыру арқылы табысын еселей түсті.
Ресей: Мамандардың пікірінше, ең үлкен пайда Ресейге тиюі мүмкін. АҚШ-тың жаһандық тапшылықты азайту үшін санкциялық қысымды сәл де болса жұмсартуы Мәскеуге Үндістан сияқты алпауыт нарықтарға мұнай экспортын 50%-ға арттыруға мүмкіндік берді. Наурыз айының соңына қарай Ресейдің қосымша табысы 5 миллиард долларға жетуі мүмкін https://www.bbc.com/news/articles/c3wlwnn05zqo.
Индонезия: Көмірге деген сұраныстың артуы бұл елді де ірі экспорттаушылар қатарына қосты.
Дағдарыс құрығындағы алпауыттар
АҚШ президенті Дональд Трамп мұнай бағасының өсуінен ел қазынасы байиды деп сендіргенімен, шындық басқаша. Америка — энергияны ең көп тұтынатын ел. Егер мұнай бағасы барреліне 140 доллардан асса, АҚШ экономикасы рецессияға ұшырауы мүмкін. Сонымен қатар, ExxonMobil сияқты алпауыттардың Катардағы нысандары соққыға ұшырап, өндіріс тоқтап тұр.
Еуропа мен Ұлыбритания да ауыр жағдайда қалды. Инфляцияның өсуі, тыңайтқыш өндірісі мен көлік шығындарының қымбаттауы қарапайым халықтың қалтасына ауыр салмақ салып отыр.
Азияның алаңдауы
Шығыс Азия елдері мұнайдың 59%-ын дәл осы аймақтан алады. Оңтүстік Кореяның чип өндірісі тоқтап қалудың аз-ақ алдында, ал Шри-Ланка мен Бангладеште жанармай лимиті енгізіліп, жұмыс аптасы қысқартылды. Дегенмен, Қытай мен Үндістан алдын ала жасалған қорлар мен Ресей және Иранмен жүргізілген икемді дипломатияның арқасында экономикалық соққыны елең қылмай отыр.
Асқар Бектұрған, шығыстанушы, қытай тілінің маманы, тәуелсіз саясаттанушы:
Орталық Азия елдері үшін бұл қақтығыс — бір жағынан үлкен экономикалық мүмкіндік, екінші жағынан күрделі геосаяси сын. Таяу Шығыстағы соғыстың біздің аймаққа әсерін мынадай негізгі бағыттарға бөліп қарастыруға болады:
1. Энергетикалық табыс. Әлемдік нарықта мұнай мен газ бағасының өсуі — Қазақстан мен Түрікменстан үшін бюджетті толтырудың қосымша көзі.
2. Логистикалық тығырық: Жаңа бағыттардың маңызы Таяу Шығыстағы тұрақсыздық дәстүрлі теңіз жолдарын (Парсы шығанағы, Суэц каналы) қауіпті етеді. Бұл жағдай Орталық Азия арқылы өтетін құрлықтық жолдардың бағасын арттырады
3. Инфляция мен азық-түлік қауіпсіздігі
4. Геосаяси таңдауАймақ елдері (әсіресе Қазақстан мен Өзбекстан) өте нәзік дипломатиялық ойын жүргізуге мәжбүр. Бір жағынан — Иранмен көршілес және экономикалық байланыстары бар болса, екінші жағынан — Батыс елдерімен инвестициялық серіктестікті сақтау керек.
Орталық Азия үшін бұл кезең — «мұнай долларларын» жинап қана қоймай, өзінің транзиттік әлеуетін әлемге дәлелдейтін сәт. Алайда, ішкі нарықтағы қымбатшылықты ауыздықтау үкіметтер үшін басты бас ауруына айналмақ.
Бұл соғыс ұзаққа созылса, тек жекелеген елдер емес, бүкіл әлемдік экономика күйреуі мүмкін. Уашингтон Иранға қарсы жоспар құрғанда мұндай ауқымды экономикалық салдарды толық ескермегені байқалады.