Танымал рэпер Qarakesek есірткімен ұсталды (ВИДЕО)

Бүгін, 11:20 / Alashorda

Ақтөбе қаласында белгілі әнші Qarakesek есірткімен ұсталды деген ақпарат тарады, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, тінту кезінде рэперден ұнтақ тәрізді зат салынған зип-пакет табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысы барысында оның синтетикалық есірткі заты екенін анықталған.

Медициналық куәландыру нәтижелері де оның көлікті есірткілік масаң күйде басқарғанын растады.

«Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар, сот шешімімен құқық бұзушы 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, 7 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылды», – делінген облыстық ПД хабарламасында.