Тарихи жеңіс! Михаил Шайдоров – Милан Олимпиадасының чемпионы

14 ақпан, 2026 / Alashorda
ашық дереккөз

Италияда өткен XXV қысқы Олимпия ойындарында мәнерлеп сырғанаудан ерлер арасындағы жарыс қорытындыланды. Қазақстандық спортшы Михаил Шайдоров еркін бағдарламасында рекордтық 198.64 ұпай жинап, Олимпиада чемпионы атанды, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі. 

Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанған ол жарыс барысында алғаш рет бес бірдей төрттік секіру элементін сәтті орындады. Жалпы қорытынды ұпай саны – 291.58.

Турнир қорытындысы (24 қатысушы):

Осылайша Қазақстан тарихында қысқы Олимпиада ойындарында мәнерлеп сырғанаудан алғаш рет алтын медаль жеңіп алынды. Бұған дейін бұл спорт түрінен 2014 жылғы Сочи Олимпиадасы ойындарында Денис Тен қола жүлде еншілеген еді.

Айта кетейік, Қазақстан атынан қысқы Олимпиададағы соңғы алтын жүлдені 1994 жылғы Лиллехаммер Олимпиадасы кезінде шаңғышы Владимир Смирнов жеңіп алған болатын.

ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов спортшыны тарихи жеңісімен құттықтап, бұл жетістік еліміздегі қысқы спорттың дамуына серпін беретінін атап өтті.