«Тек қана менікі дұрыс». Мәжіліс депутаты Асқар Мырзахметовтың қандай әкім болғанын айтты (ВИДЕО)

17 қыркүйек, 2025 / Alashorda
Фотошоп

Мәжіліс депутаты Болатбек Нажметдинұлы Оңтүстік Қазақстан облысы мен Жамбыл облысының бұрынғы әкімі Асқар Мырзахметовтың қандай басшы болғанын айтты, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі.

Асқар Исабекұлы Мырзахметов 1962 жылдың 1 қазан күні дүниеге келген. Қазақстанның мемлекеттік қайраткері 2005—2006 және 2016—2017 жылдары аралығында ауыл шаруашылығы министрлі болды. Сондай-ақ ол  2009-2015 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы және 2018-2020 Жамбыл облысын басқарды.

Ал Болатбек Нажметдинұлы 2009-2013 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары ретінде қызмет атқарды. Мәжіліс депутаты экс-әкімнің іскер болғанын, бірақ ол өз еркімен қызметтен кеткенін тілге тиек етті.

Болатбек Нажметдинұлы Асқар Мырзахметов Жамбыл облысы