Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің аппаратын құру туралы Жарлыққа қол қойды

Бүгін, 13:52 / Alashorda
Фото: Ақорда

Президент «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі.

Құжатқа сәйкес, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган ретінде Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің аппараты құрылды.