Тоқаев Лихтенштейнмен достық қарым-қатынасты жоғары бағалайтынын айтты

Бүгін, 14:39 / Alashorda
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Лихтенштейннің Тақ мұрагеріне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Тақ мұрагері Алоизді Лихтенштейн Князьдігінің Ұлттық күнімен құттықтады.

– Қазақстан Лихтенштейнмен көп жылғы достық қарым-қатынасты және өзара құрметті жоғары бағалайды. Тиімді ынтымақтастығымыз екі ел халықтарының игілігі жолында нығая беретініне сенімдімін, – деп жазылған жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Тақ мұрагері Алоиздің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас Князьдік халқына бақ-береке тіледі.