Тоқаев «штрафстан», «айыппұлстан» деп жүргендерді «ойы келте» деп айыптады

Бүгін, 16:14 / Alashorda
Фото: Ақорда

Елімізді «штрафстан», «айыппұлстан» деп жүрген парламент депутаттары өз ойының келтелігін көрсетіп жүр. Мұны мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңесте айтты, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі.

«Елімізді жақтырмайтын, менсінбейтін кісілер өкінішке қарай, солардың ішінде парламент депутаттары бар, құқықтық әрекеттерімізді «штрафстан», «айыппұлстан» деп атайды екен. Мейлі, өз ойларының келтелігін көрсете берсін. Ал халқымызға қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік керек. Сондықтан біз осы жолдан таймаймыз, батыл түрде осы саясатты жүргіземіз», – деді президент.

Себебі, оның сөзінше, бұл халқымыздың талабы, халқымыздың сұранысы. Бүкіл қоғам да, әкімдер де бұл мәселеге баса назар аударуы керек.

Тоқаев Алматы облысы кеңес штрафстан айыппұлстан