Ту – бірегейлік пен ынтымақтың жаршысы

Бүгін, 17:30 / Alashorda

Тулар түрлі-түсті маталардың қиындылары ғана емес, олар – ұлттардың халықаралық аренадағытөлқұжаты, тарихының тірі кітабы, егемендігі мен тәуелсіздігінің, құқықтық мәртебесініңнышандары.

Биыл Иранның мәдениет саласындағы жауапты органдарының шешімімен Ислам Республикасының күнтізбесінде жаңа оқу жылымен білімнің өркендеу кезеңінің бастауы саналатын 23 қыркүйекке сәйкес келетін меһр айыныңалғашқы күні ресми түрде «Ұлттық ту күні» депжарияланды. Бұл сәйкестік ұлттық бірегейлікнышанын қорғауды қалам мен кітап арқылы ел болашағын қалыптастырып жатқан жас ұрпаққасеніп тапсыруды білдіретін терең мәнге ие.

Қазақстанның мәдени және тарихи астанасы – әсемАлматы қаласында бейбітшілік пен достықдипломатиясы миссиясын жүзеге асырып жатқанбіз үшін бұл рәміздердің маңызы ерекше.

Иранның үш түсті туы Қазақстан Республикасыныңайбынды көк байрағымен қатар желбіреген сайынОрталық Азия мен Каспий теңізі аймағындағы екібауырлас халықтың тамыры тереңге бойлағанқарым-қатынасы, өзара құрметі мен шынайыдостығы көрініс табады. Қазақстанның ардақтыхалқы өз елінің туын тәуелсіздік пен аумақтықтұтастықтың белгісі ретінде қалай құрметтесе, Иран халқы да ғасырлар бойы өз туымен өмірсүріп, оны ұрпақтан-ұрпаққа аманат ретіндеқастерлеп келеді.

Иран туының үш түсі көне ұлттың армандарынансыр шертеді: жасыл түс – иран өркениетініңсерпінділігі, өркендеуі мен бейбітшіліксүйгіштігінің белгісі; ақ түс – әлемнің барлықхалықтарымен бейбіт қатар өмір сүрудің, достықпен татулықтың хабаршысы; қызыл түс осы елдіңжері мен тәуелсіздігін қорғау жолында жанынқиған батырлардың ерлігі мен қасиетті қанын ескетүсіреді. Бұл тудың нақ ортасында Иран халқыныңтерең рухани сенімінің көрінісі болып табылатынқасиетті «Алла» жазуы мен тәухид ұраныбейнеленген.

Халықаралық конвенциялар, соның ішінде 1961 және 1963 жылдардағы Вена конвенцияларықабылдаушы елдердің аумағында тәуелсізмемлекеттің ресми өкілдігі мен егемендігініңбелгісі ретінде ту көтеру құқығын ресми түрдемойындайды.

Бүгінде Алматыдағы Иранның Бас консулдығығимаратының үстінде бұл тудың желбіреуі жай ғанахаттамалық рәсім емес, бұл – Иранның өзініңстратегиялық серіктесі Қазақстанменэкономикалық, мәдени және халықтар арасындағыбайланысты дамытуға бағытталған мызғымасбейілділігінің белгісі.

Ұлттық ту күні – ортақ өркениеттікқұндылықтарды ой елегінен өткізу үшін құндымүмкіндік. Біз аймақ тұрақтылығының мәні ұлттықегемендік пен аумақ тұтастығын құрметтеуде, сондай-ақ дәл сол желбіреген тулар аясындабейбітшілікті нығайтуда деп санаймыз.

Осы айтулы мерекемен барша Иран халқын жәнедос, бауырлас Қазақстан еліндегі иран мәдениетімен өркениетін сүйетін барлық азаматтықұттықтап, екі елдің де бейбітшілік, достық пен даму байрақтарының мәңгі желбіреуін тілеймін.

Сона Ахмади – Иран Ислам РеспубликасыныңАлматы қаласындағы Бас консулы