Түркістан облысында соңғы екі жылда бірде-бір қылмыс тіркелмеген ауыл бар (ВИДЕО)

Бүгін, 14:39 / Alashorda
Polisia.kz сайты

Түлкібас ауданының Еңбек ауылы салауатты өмір салтын ұстанып, толықтай ішімдіксіз ауыл атанып отыр, – деп хабарлайды  Alashorda.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

131 үйі, мыңнан аса тұрғыны бар елдімекенде соңғы 3 жылда алкоголь мүлдем сатылмайды, ал соңғы екі жылда бірде-бір қылмыс тіркелмеген. Ауылдың тыныс-тіршілігі өзгеріп, балалардың шат күлкісі, ақсақалдардың мазмұнды әңгімелері, әжелердің салт-дәстүрді дәріптеуі ауылдың рухани келбетін айшықтап келеді. Отбасылық береке мен тыныштықты нығайту — ауыл тұрғындарының басты ұстанымына айналған.

Мектептерде, мешіттер мен мәдениет үйлерінде "Салауатты өмір – жарқын болашақ кепілі" атты кездесулер өткізіліп, жастарға алкогольдің зияны жан-жақты түсіндірілуде. Еңбек ауылының учаскелік полиция инспекторы Ерсейт Молдақұловтың айтуынша, ішімдік — қылмыс пен тұрмыстық жанжалдың негізгі себептері. Сондықтан ауылдың бұл бастамасы – құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған тиімді жобалардың бірі.

 

Түркістан облысы Еңбек ауылы Түлкібас ауданы