Түзеу мекемесінде шахмат пен дойбыдан жарыс өтті

Бүгін, 23:00 / Alashorda

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №58 мекемесінде жазғы спартакиада аясында шахмат және дойбы спорт түрлерінен жартылай финалдық және финалдық жарыстар өтті, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі.

Аталған жарыстар сотталған азаматтардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, логикалық ойлау қабілетін дамытуға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталды. Қатысушылар тартысты әрі қызықты бәсекеде өздерінің шеберліктері мен тактикалық мүмкіндіктерін көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар анықталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.

Мекеме әкімшілігінің айтуынша, мұндай спорттық шаралар сотталған азаматтардың әлеуметтік-психологиялық ахуалын жақсартуға, тәртіпті нығайтуға және олардың қоғамға бейімделуіне оң ықпал етеді.

Жазғы спартакиада аясындағы спорттық жарыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.