Түзеу мекемесінде спортты шара өтті

Бүгін, 17:22 / Alashorda

25-қазан - Республика күні мерекесіне орай Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №58 мекемесінде жазасын өтеп жатырған сотталған азаматтар арасында спорттық-мерекелік шара өтті, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі.

"Бұл күні мекемедегі жазасын өтеушілер  спорттың бірнеше түрінен сынға түсіп, өзара кім мықтыны анықтады. Сайыс барысында сотталған азаматтар кіші футбол ойнап, гір тасын көтеруден бақ сынасты. Тартысты өткен додаға әрбір жазасын өтеуші белсене қатысты.
Жарыс жеңімпаздарына мекеме бастығының мақтау қағаздары мен кіші футболдан 1-орын алған командаға жарыс Кубогы табысталды. Бұл спорттық шара арнайы контингентке мерекелік көңіл-күй сыйлау және олардың қоғаммен байланысын нығайту әрі еліміздің патриоты болуға үндеу мақсатында жүзеге асырды", дейді №58 мекемесінің САТЖжӘП бөлімі бастығының м.а. әділет майоры Мейрамбек Бекхожаев.

түрме жарыс