Түзеу мекемесінде жас-жұбайлар некесін қиды

Бүгін, 15:59 / Alashorda

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №58 мекемесінде сотталған азаматтың некеге тұру рәсімі өтті, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі.

Іс-шара Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ұйымдастырылып, белгіленген тәртіп талаптары толық сақталды.

Аталған шара сотталғандардың заңмен кепілдендірілген құқықтарын қамтамасыз ету және олардың әлеуметтік байланыстарын сақтауға бағытталған.