Өскемендегі "Қазмырыш" ЖШС-ға қарасты шахтада 5 мамырда болған жарылыстың алдын ала болжамы айтылды. Оны бүгін Үкімет отырысында Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов жариялады, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі.
Оның айтуына қарағанда, алдын ала болжам бойынша «Востокцветмед» шахтасында болған апатқа тау-кен жұмыстарын жобалық құжаттама талаптарын бұзып жүргізу және жұмыс өндірісінің тиісті деңгейде ұйымдастырылмауы себеп болған.
«Қазмырыш» зауытындағы жарылыс технологиялық процестің бұзылуынан орын алды деген болжам бар. Бұған дейін осы нысандарда техникалық құжаттаманың талаптарға сәйкес келмеуі, техникалық құрылғылардың пайдалану мерзімін ұзартуға қатысты сараптамалардың болмауы, жобалық құжаттамадан ауытқу, өндірістік бақылаудың әлсіздігі, тозған жабдықты уақытылы ауыстырмау сияқты өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының бұзылуы анықталғанын айта кеткен жөн», – дейді ол.
Министрдің сөзінше, тергеу аяқталған соң кәсіпорындарға қатысты тиісті шаралар қабылданады.
Айта кетейік, Өскемен қаласындағы «Қазцинк» зауытында 5 мамыр күні таңертең ірі жарылыс болған еді. Электролиз цехының балқыту бөлімінде шаң ұстау құрылғысы жарылып, кейіннен өрт шыққан. Салдарынан 7 адам зардап шекен. Оның екеуі оқиға орнында қаза тапса, тағы біреуі ауруханада көз жұмды.