Үкімет TURAN арнайы экономикалық аймақ территориясын кеңейтті

3 қыркүйек, 2025 / Alashorda

Үкімет 2025 жылғы 28 тамыздағы № 693 қаулысымен Түркістандағы арнайы экономикалық аумақ көлемін 4087,39 гектардан 4414,39 гектарға дейін ұлғайтты, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі.

Сондай-ақ енді арнайы экономикалық аймақ 9 субъективті аумақтан тұрады.

2043 жылға қарай келесі көрсеткіштерге қол жеткізуді жоспарлап отыр: 

— тартылатын инвестицияның жалпы көлемі — 1 598 млрд теңгеге дейін; 
— арнайы экономикалық аймақ аумағында өндірілетін тауарлар мен көрсетілетін қызметтің (жұмыс) көлемі — 55 млрд теңгеге дейін; 
— қатысушылар саны — 212 компанияға дейін;
— арнайы экономикалық аймақ аумағындағы жұмыс орындарының саны — 18 200 адамды қамтумен ұлғаяды;
— жергілікті өндірісті қамту үлесі — 65 пайызға артады деп күтіледі.