«Украин немесе неміс болғысы келеді»: Қазақстанда тұратын орыстар жаппай ұлтын өзгертіп жатыр

Бүгін, 11:26 / Alashorda

Соңғы кездері елімізде ұлтын ауыстырғысы келетіндердің қатары көбейген. ІІМ мәліметінше, соңғы 10 жылда Қазақстанда 41 мыңнан астам адам өз ұлтын өзгертуге өтініш берген, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі sadaq.kz порталына сілтеме жасап. 

Нақты айтар болсақ, 2014–2024 жылдары барлығы 41 545 қазақстандық паспорттағы немесе жеке куәліктегі «ұлт» бағанын өзгерткен. 2024 жылы мұндай өтініштердің саны 2 158 адамға дейін азайған.

Ең жиі кездесетін өзгерістер:
«орыстан» — «неміске» (743 адам),
«өзбектен» — «қазаққа» (354 адам),
«орыстан» — «украинға» (300 адам),
«украиннан» — «орысқа» (246 адам).
«Орыстан» — «қазаққа» ұлттық сәйкестігін өзгерткеңдер саны -11 адам болып отыр.

ІІМ мәліметінше, көбінесе азаматтар бұл қадамға шетелде оқу, көшу немесе халықаралық қысымнан сақтану мақсатында барады.

ҚР Конституциясының 19-бабы бойынша әр азамат өз ұлтын көрсетуге немесе мүлде көрсетпеуге құқылы.