Украина Ресейдің мұнай экспортын «құрсауға» алуда: Ленинград облысындағы ірі порттар соққы астында
Соңғы бір апта ішінде Украина Қарулы Күштері Ресейдің стратегиялық маңызы бар Балтық теңізіндегі мұнай терминалдарына жаппай дрон шабуылдарын жасады. Соққылар нәтижесінде Усть-Луга және Приморск порттарындағы жұмыс тоқтап, Ресейдің мұнай экспортының 45%-ына қауіп төнді.
Энергетикалық хабтардағы өрт пен шығын
29 наурызға қараған түні Ленинград облысы кезекті ұшқышсыз ұшу аппараттарының (ҰҰА) нысанасына айналды. Облыс губернаторы Александр Дрозденконың мәлімдеуінше, Усть-Луга портындағы шабуылдан кейін алапат өрт шығып, инфрақұрылым нысандары зақымдалды. Бұл — соңғы бес күн ішіндегі бесінші ірі шабуыл болып табылады.
Reuters мәліметінше, аталған екі порт арқылы күніне шамамен 1,72 млн баррель мұнай жөнелтілетін. Қазіргі уақытта:
Усть-Луга: Ресейдің Балтық құбыр жүйесінің негізгі элементі істен шықты.
Приморск: Мұнай резервуарлары мен тиеу қондырғылары зақымдалған. Бұл порт күніне 1 миллион баррельден астам Urals маркалы мұнай мен дизель отынын экспорттауға қауқарлы болатын https://www.reuters.com/business/energy/least-40-russias-oil-export-capacity-halted-reuters-calculations-show-2026-03-25/.
Ерік Қайратбекұлы Құнанбай қажы атындағы «Алаш аудармашылар одағы» Қоғамдық Қорының төрағасы, тәуелсіз саясаттанушы:
СБУ: «Бұл — Ресейдің әскери бюджетіне соққы»
Украина Қауіпсіздік қызметінің (СБУ) «Альфа» арнайы жасағы бұл операцияларды өз мойнына алды. СБУ басшысының міндетін атқарушы, генерал-майор Евгений Хмараның айтуынша, мұнай нысандары Ресейдің әскери-өнеркәсіптік кешенінің ажырамас бөлігі.
«Біз жаудың қаржылық және логистикалық мүмкіндіктерін шектеу үшін жүйелі жұмыс істеп жатырмыз. Ресей бюджетіне соғыс үшін түсетін қаражатты азайту — басты мақсатымыз», — деді Евгений Хмара.
Экономикалық салдары
Сарапшылардың пікірінше, бұл шабуылдар Ресей үшін өте қолайсыз уақытта жасалды. Таяу Шығыстағы шиеленіске байланысты әлемдік нарықта мұнай бағасы өсіп жатқанда, Мәскеу экспортты ұлғайтуды жоспарлаған еді. Алайда, терминалдардың зақымдануы техникалық тұрғыда шикізатты сыртқа шығару мүмкіндігін шектеп тастады.
Спутниктен түсірілген суреттер порттардағы резервуарлардың жанып жатқанын және қалпына келтіру жұмыстарының ұзаққа созылуы мүмкін екенін көрсетіп отыр.