Ұлытау облысына жаңа әкім тағайындалды

Бүгін, 13:14 / Alashorda
Ашық дереккөз

Мемлекет басшысының Жарлығымен Есет Берікұлы Байкен Ұлытау облысының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі.

Туған жылы: 1986 жылы 23 қазан

Туған жері: Қарағанды облысы Теңіз ауданы Баршын ауылында дүниеге келген.

Білімі: 2005 жыл - Қаз МЗУ Гуманитарлық заң колледжі

2008 жыл - Қазақ гуманитарлық заң университеті

2010 жыл - "Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

12.12.2008 - 18.02.2009 ж. – «Астана қаласының Экономика және бюджеттік жсопарлау басқармасы» ММ инвестициялық саясат және жоспарлау бөлімінің жетекші маманы м.а., Астана қаласы; 

18.02.2009 - 16.07.2009 ж. – «Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ инвестициялық саясат және жоспарлау бөлімінің  жетекші маманы, Астана қаласы; 

16.07.2009 - 28.10.2010 ж. – «Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ инвестициялық саясат және жоспарлау бөлімінің  бас маманы, Астана қаласы; 

28.10.2010 - 23.11.2010 ж. – «Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ құқықтық қамтамасыз ету және сатып алу бөлімінің бас маманы, Астана қаласы;  

23.11.2010 - 07.03.2013 ж. – Астана қаласы әкімі аппараты әлеуметтік-мәдени сала бөлімінің бас маманы, Астана қаласы; 

07.03.2013 - 26.08.2013 ж. – Астана қаласы әкімінің бас инспекторы, Астана қаласы; 

26.08.2013 -08.08.2016 ж. Астана қаласы әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы, Астана қаласы; 

09.08.2016 - 01.08.2017 ж. - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Хатшылығының сарапшысы, Астана қаласы; 

02.08.2017 - 31.01.2019 ж. - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы  бөлімінің мемлекеттік инспекторы, Астана қаласы; 

01.02.2019 - 03.07.2019 ж. - Қарағанды облысы Нұра ауданының әкімі; 

04.07.2019  - 28.08.2019 ж. - Нұр-Сұлтан қаласы әкімі Аппарат басшысының орынбасары, Нұр-Сұлтан; 

29.08.2019 ж. Нұр-Сұлтан қаласы әкімі аппаратының басшысы.

14.10.2020 - 02.2022 ж қазіргі уақытқа дейін – Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары.

Есет Берікұлы Байкен