Владимир Путин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келмекші

Бүгін, 11:37 / Alashorda
Сурет Ашық дереккөзден алынды

Ресей Президенті елімізге мемлекеттік сапармен келмекші
Ресей Президенті Владимир Путин 27-29 мамырда Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді.
Келіссөздер барысында президенттер екі ел арасындағы стратегиялық әріптестік пен одақтастық қарым-қатынастардың ағымдағы жай-күйі мен даму перспективаларын, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылауды жоспарлап отыр.
28 мамырда Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер көшбасшыларының қатысуымен Еуразиялық экономикалық форум өтеді.
Келесі күні Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтеді, оған сондай-ақ одақтастықтың мемлекет басшылары қатысады.