«Вор должен сидеть в тюрьме». Партия төрағасы Серік Шәпкеновты сынады (ВИДЕО)

Бүгін, 17:49 / Alashorda
Коллаж

Атырау облысы әкімдігі бюджет қаржысына құны 36 миллион теңгелік люкс Hyundai Palisade автокөлігін сатып алғысы келіп отыр, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі Juzmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Аталған сайттың жазуынша, көлікте массаж жасайтын орындық, қашықтан тұраққа қою жүйесі, панорамалық шатыр, былғары салон, премиум деңгейдегі аудиожүйе, тіпті саусақ ізін тану жүйесі де қарастырылған. Оның үстіне мемлекеттік сатып алу конкурсына жалғыз ғана қатысушы қатысқан.

Атырау облысының Мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы қызметтік жайлылық үшін қаржы аямайтын сыңайлы. Бір ғана автокөлік сатып алуға ведомство 36 миллион теңгеге жуық қаражат жұмсамақ. Бұл қаржыға шенеуніктерге Е-класс, яғни бизнес санатындағы қызметтік автокөлік сатып алынуда.

Конкурсқа бар болғаны бір ғана өтінім түсіп, жеңімпаз болып «АХК» ЖШС танылған. Кейін осы компаниямен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалған.

Hyundai Palisade арзан көлік емес. Бұл – өндіруші флагмандық модель ретінде ұсынатын, премиум санатындағы ірі отбасылық кроссовер. Алайда мемлекеттік тапсырыс беруші қарапайым емес, іс жүзінде осы көліктің ең жоғары жабдықталған нұсқасын сатып алуды жөн көрген.

Атырау облысы әкімдігінің қымбат көлік сатып алуына Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының төрағасы Асхат Рахымжанов қарсы. Тіпті ол заң бұзған шенеунікті түрмеге қамау керек екенін ескертті.

Атырау облысы Серік Шәпкенов Hyundai Palisade