Жамбыл облысында 4,5 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді

Бүгін, 09:44 / Alashorda

Қазақстан Ұлттық ядролық орталығы Геофизикалық зерттеулер институтының Жедел деректер орталығының мәліметінше, 10 шілде күні Астана уақытымен сағат 00:59–да Жамбыл облысы аумағында жер сілкінісі болды.

Жерасты дүмпуінің ошағы Тараз қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 65 шақырым жерде орналасқан.

Эпицентр координаттары — солтүстік ендіктің 42,50 градусы және шығыс бойлықтың 70,88 градусы. 

Жер сілкінісінің магнитудасы mb=4,5, энергетикалық класы — K=10,4.

Ошақ 15 шақырым тереңдікте орналасқан.


 

жер сілкінісі Тараз