«Жақсылық Омар облыс әкімі жиынына бармай, игнор жасаған». Депутат Сақтағановқа байланысты пікір білдірді (ВИДЕО)

Бүгін, 10:21 / Alashorda
Коллаж

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов бұрынғы бірінші орынбасары Жақсылық Омар алты жылға сотталғаннан кейін қызметінен кетуге өтініш берген, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі.

Әлеуметтік желідегі сауалға жауап берген облыс әкімінің баспасөз хатшысы Лаура Жақыпова қарамағындағы қызметкер жемқорлықпен ұсталған жағдайда басшының отставкаға кетуі заңда қарастырылғанын еске салып, тиісті құжаттың рәсімделгенін растады.

«Қолданыстағы заңнамаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов белгіленген тәртіппен отставкаға кету туралы өтініш берді, алайда оның іске қатысы жоқтығы ескеріліп, бұл талапты қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылданды, сондықтан аймақ басшысының жұмысы штаттық режимде жалғасып жатыр», – деп жазды Лаура Жақыпова.

Қоғам белсендісі Нұржан Жолдыбекұлының жазуынша, Нұрымбет Сақтағанов пен Жақсылық Омардың арасында келіспеушілік болған.

«Бірінші Орынбасары  Жақсылық Омардың "алаяқтық" және "пара алу" баптарымен 6 жылға сотталуы себепті ШҚО Әкімі Сақтағановтың берген отставкасын Президент Әкімшілігі қабылдамапты –  дұрыс.

Облыс Әкімі жиынына бармай – игнор жасаған, айналасына жақтас жинауға тырысқан, шешімдерді келеке қылып – сыртынан сынаған Жақсылық Омар кімге сенді?

Әрине, өзі бір кезде танымаймын деп қашқақтаған адамдарға.

Млрд теңгеге дейін айыппұл төлеуге келіскен Жәкем неге бостандыққа шықпады?

Өйткені, Президенттің облыс Әкімін, т б кадр таңдау/тағайындау шешіміне селкеу түсіргені үшін.

Абай облысының бір-екі аудан Әкімі "адамымыз астанада", "жергілікті билікті упор көрмейміз" деп аппараты ішінде әңгіме таратады да, облыс Әкімі барғанда жылпылдап, алдында құрша жорғалайды. Осы жігіттік пе? Жоқ, екіжүзділік!» деп жазды ол.

Ал Мәжіліс депутаты Нұржан Әшімбетов облыс әкімі Нұрымбет Сақтағановты не үшін отставкаға жібермегеніне байланысты пікір білдірді. Оның айтуынша, әкімнің орнына дайын адам болмауы мүмкін екенін ескертті.

Нұрымбет Сақтағанов Жақсылық Омар Шығыс Қазақстан облысының ӘКІМІ Нұржан Әшімбетов