ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЕКТІНІҢ АЛАШ ҮШІН ПАЙДАСЫ МЕН ЗИЯНЫ
Виртуалды ғасырдың төл перзенті – АІ әлемдегі 6000 мыңға тарта тілдің тек 175 ғана қалатынын айқындап берді. Және соларға бағыт ұстап ғаламдық кітапхананы өмірге әкеліп үлгерді. Қазақ тілі ОА өзбек, қырғыз, түркімен және тәжік тілдерімен бірге «Ажалсыз тілдер» қатарына қосылды. АІ барша тізгінін АҚШ пен ҚХР ұстап отыр. Осы екі елде бір кездегі «советологтарды» алмастырған «ТМДологтар» өмірге келіп, Ресейге Украинадағы СВО үшін салынған санкцияларды пайдаланып, ОА орыссыз экономикалық кеңістік құруды қолға ала бастады. Батыс БАҚ байыптап қарайтын болсақ, ОА Егемендіктің алғашқы 25 жылында 120 пайыздық демографиялық өсім көрсетіп, «бэби бумы» бәсеңсіп, соңғы он жыл ішінде туу деңгейі едәуір төмендеп, шамамен 28 пайызға азайған Қазақ елінде алдағы 10-15 жыл көлемінде алаш жұртының қарасы 85-87 пайызды құрап, ең ірі ұлттық азшылық бұрынғыдай этникалық орыстар емес, өзбек пен ұйғыр болады деп тұжырымдайды. Және этникалық орыс емес орыс тілділер Батысқа жұмыс күші ретінде ағылуы ықтимал. Ең қорқынышты сәуегейлік қазақ үшін билік пен бизнестегі орыс пен ағылшын тілді қос тілділер мен қазақ-орыс һәм ағылшын тілді үш тілді жастар арасындағы тектірес болғалы отыр.
Батыс қазір қазақ мектебі мен ЖОО оқып жатқан 85 пайыз қазақ қыз-жігіттерінің сөйлеу тіліне қарай: қазақ тілді – 64 пайыз және орыс тілді – 36 пайыз арасалмағына орай еліміздегі тіл проблемасы титулды ұлттың пайдасына «көп жағдайда ағылшын тілінің кей жағдайда қытайдың мандарин тілінің» арағайын болуы арқылы шешілетінін болжамдайды. Осы орайда тілдің сақталуы мен дамуының басты факторы мемлекет тарапынан емес, шоу бизнес тарапынан жүзеге асырылып жатқанын Батыстық «ТМДологтар» алға тартады. Әрі Ресейдің бір кездегі КСРО сияқты ОА «Шығыс Еуропалық» үлгідегі неободанына айналдырып, қырғыз, қазақ және тәжік жерінде әскери база ұстауы Қытай мен АҚШ қолын біршама байлап отырғанын орынды сөз қылады.
Таяқтың екі ұшы болатыны сияқты Батыс қазақтың орыс ықпалына енді түсе бермеуінің себебін: географиялық, демографиялық және этникалық бірегейліктен деп таниды. Сонымен Батыс сарапшылары тууы азайған орыс тілі басым аймақ, қазақ және орыс тілдері тең қолданылатын өңір және басқа ұлттарды қазақтандыруға бейім таза алаши орта әзірше қалыптасып отыр деп пайымдайды. Осы қазақ тілі орыс тілімен қатар өзге тілдер (өзбек-ұйғыр) тең қолданылатын аймақтар қазақтанған шақта «Орыс әлемі» қазақ жерінде өмір сүруін тоқтатады деген болжам жасайды. Тіпті орыс тілді дейтін қазақтың өзі ұлтын емес, шыққан руын және ежелгі дәуірдегі Түрк тарихын мақтан ететініне және осы топтағы ғалымдардың аталған тақырыпқа орыс, ағылшын тілінде ғылыми еңбектер жазуына таңқалады. Қазақты тіл емес, қан біріктірген «жаһандық феномен» дейтін зерттеушілер де шығып жатыр.
АІ Тәуелсіздік жылдары жарық көрген осы қазақ және орыс тілді ғалымдарымыздың түрлі саладағы еңбектерін ағылшын және мандариндік қытай тілінде өңдеп, жаһанға тарата бастады. Бұл өңдеудің зиянынан пайдасы көп. Ең қынжылтатыны, Батыстың қазақ пен қырғызды ана тілді ұлттық буржуазияны өмірге әкеле алмағаны, ОА бес елінде бұрынңы компартия тек атауын ғана өзгертіп, өзіне бағынбайтын ұлттық партия құруға тыйым салынғаны деген тұжырымы, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі.