Қазақстанның ауыл шаруашылығы ел экономикасының стратегиялық салаларының бірі. Алайда жер ресурстарын тиімді пайдалану мен пайшылардың құқықтарын қорғау мәселесі әлі күнге дейін толық шешімін тапқан жоқ.
Соңғы жылдары ауыл тұрғындары арасында жер үлесінің әділ пайдаланылмауы, жалдау шарттарының ашық болмауы, пай ақысының төмендігі және жерді басқару жөніндегі ақпараттың жеткіліксіздігі туралы мәселелер жиі көтерілуде. Бұл – тек экономикалық емес, әлеуметтік мәселе екені де сөзсіз.
Аталған түйткілдерді тұрақты түрде көтеріп жүрген саяси күштердің бірі – Жалпыұлттық социал-демократиялық партия екені анық. Партия өз бағдарламасында ауыл тұрғындарының мүддесін қорғауды, жер қатынастарының ашықтығын қамтамасыз етуді және пайшылардың құқықтық жағынан қорғалуын күшейтуді маңызды міндеттердің бірі ретінде қарастырады. Бұл ұстаным жердің ең алдымен қоғам игілігіне қызмет етуі тиіс деген қағидаға негізделген.
Бүгінде көптеген пайшылар өздеріне тиесілі жер үлесті ірі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына немесе агрохолдингтерге жалға береді. Алайда барлық жағдайда шарттардың мазмұны толық түсіндірілмейді, кейбір азаматтар төлем мөлшерінің қалай есептелетін де білмейді. Ол рас. Бұл біздегі ауылдық аймақтарға бақылаудың жеткіліксіздігін көрсетіп отыр.
Жалпыұлттық социал-демократиялық партия жерді пайдалану саласындағы ашықтықты арттыруды, пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекетке қайтаруды, пайшылардың құқықтарын заңнамалық деңгейде күшейтуді және жерге қатысты шешімдерді қабылдау кезінде жергілікті халықтың пікірін ескеруді ұсынады. Ашық дереккөздерде Қазақстанда 2022 жылдан бері пайдаланылмай жатқан немесе заңсыз берілген 14,8 млн гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекет меншігіне қайтарылған.
Партияның пікірінше, ауыл тұрғындары өз жерінің тағдырына қатысты шешім қабылдау ісіне өздері қатысуы тиіс. Егер жер ауыл халқының негізгі табыс көзі болса, нәтиже мен пайда да әділ бөлінуі қажет. Бұл өз кезегінде ауыл тұрғындарының әлеуметтік тұрмысның оңалтары анық.
Сонымен қатар Президент тапсырмасын сай цифрлық технологияларды пайдалану арқылы жер кадастрының ашықтығын қамтамасыз ету маңызды. Әр жер үлесі туралы мәліметті, жалдау мерзімін және келісімшарт талаптарын электрондық жүйе арқылы көре алса, құқықтық даулардың саны да азаяр еді. ЖСДП осыны талап етеді. Мұндай тәсіл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге және жер қатынастарындағы ашықтықты күшейтуге мүмкіндік береді.
ЖСДП ауыл тұрғындарының құқықтарын қорғау мен жер қатынастарын жетілдіруді мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі ретінде қарастырады.
Тапсырыс беруші: ЖСДП төрағасы А. Н. Рахимжанов. «Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің сайлау қоры қаражаты есебінен төленді.