«Жойылу мәдениеті» және есірткі саясаты: Колумбия президентінің дабылы

Бүгін, 16:46 / Alashorda
Инфографика ЖИ көмегімен жасалды

«Жойылу мәдениеті» және есірткі саясаты: Колумбия президентінің дабылы

Әлем «жойылу шегіне» жақындап келеді. Осындай өткір мәлімдемені Колумбия президенті Густаво Петро беделді АҚШ басылым POLITICO-ға берген сұхбатында айтты. Оның пікірінше, адамзатқа төнген ең үлкен қауіп – климаттық дағдарыс пен тиімсіз жаһандық саясаттар, соның ішінде «есірткіге қарсы соғыс» https://www.politico.com/news/magazine/2026/03/12/petro-trump-war-on-drugs-q-a-00826484.

Петроның айтуынша, жарты ғасыр бойы жүргізілген бұл саясат өз мақсатына жеткен жоқ. Керісінше, есірткі айналымын жоймақ болған әрекеттер жаңа қылмыстық желілердің қалыптасуына бастап алып келді. Президенттің деректеріне сүйенсек, Латын Америкасында есірткімен байланысты зорлық-зомбылық салдарынан шамамен бір миллион адам қаза тапқан. Бұл – ресми соғыс жарияланбағанымен, нақты соғысқа тең трагедия.

Есірткімен күрестің сәтсіздігі

Петро «есірткіге қарсы соғыс» идеясын алғаш енгізген Ричард Никсон әкімшілігін сынға алады. Оның пікірінше, бұл саясат әлеуметтік мәселені қылмыс ретінде қарастырып, денсаулық сақтау мен алдын алу шараларын екінші орынға ысырып тастайды.

Бүгінде жағдай одан әрі күрделене түсті. Бұрын тек Колумбиямен байланысты болған кокаин өндірісі енді жаһандық сипат алып отыр. Қазіргі наркокартельдер – тек аймақтық топтар емес, әлемнің әр түкпірінде әрекет ететін трансұлттық құрылымдарға айналды. Олар Африкадан Еуропаға, Азиядан Австралияға дейінгі маршруттарды бақылап отырған жайы бар.

Президент бұл құбылысты – «мафиялар конфедерациясы» деп атайды. Бұл құрылым тек есірткімен шектелмей, адам саудасы, қару-жарақ айналымы және басқа да қылмыстық әрекеттермен айналысады. Мұндай жүйе халықаралық қауіпсіздікке үлкен қатер төндіреді.

Фентанил – жаңа қауіп

Осы сұхбатындағы Петроның ерекше назар аударған мәселелерінің бірі – фентанил есірткісі болды. Бұл синтетикалық зат әсіресе АҚШ-та кең таралған есірткі түрі. Жыл сайын ондаған мың адам осы препараттан көз жұмады.

Президент фентанилді «жойылу дәуірінің есірткісі» деп сипаттайды. Оның пікірінше, бұл тек медициналық немесе құқықтық мәселе емес, әлеуметтік және мәдени дағдарыстың көрінісі болып саналады. Қоғамдағы оқшаулану, жалғыздық және болашаққа деген сенімсіздік адамдарды осындай қауіпті тәуелділіктерге итермелейді.

«Жойылу мәдениеті» және капитализм дағдарысы

 «Егер біз өндіріс пен тұтыну тәсілін өзгертпесек, адамзаттың өмір сүруі тоқтауы мүмкін», – дейді ол POLITICO-ға берген сұхбатында https://www.politico.com/news/magazine/2026/03/12/petro-trump-war-on-drugs-q-a-00826484. Петроның ең даулы тұжырымдарының бірі – қазіргі капиталистік жүйе өзінің соңғы кезеңіне жетті деген пікір. Оның айтуынша, шектен тыс тұтыну мен өндіріс табиғи ресурстарды сарқып, климаттық апаттарға әкеліп отыр. Осыған қатысты alashorda.kz ақпараттық агенттігі сарапшылардың пікірін білді.

Әлібек БАЙБОЛ, Абай атындағы ҚазҰПУ Филология факультетінің аға оқытушысы, «Қыр баласы» ҚҚ Басқарма мүшесі, ҚР Ұлттық құндылықтар академиясының толық мүшесі, әдебиеттанушы-ғалым, алаштанушы:

Густаво Петроның сұхбаты – тек Колумбия саясаты туралы емес, бүкіл әлемге бағытталған ескерту. Ол есірткімен күрес, әлеуметтік теңсіздік және климаттық өзгерістер сияқты өзекті мәселелердің өзара тығыз байланысты екенін көрсетеді.

Президенттің көзқарастары даулы болуы мүмкін. Алайда оның негізгі ойы анық: егер адамзат қазіргі бағытынан таймаса, болашақ үлкен қауіпке ұшырауы мүмкін. Ал бұл қауіптің алдын алу үшін жаңа көзқарас, батыл шешімдер және жаһандық ынтымақтастық қажет.Президент «жойылу мәдениеті» ұғымын енгізіп, қазіргі қоғамдағы үрдістерге назар аударады. Мысалы, көптеген жастардың бала сүюден бас тартуы – болашаққа деген сенімсіздіктің белгісі. Бұл құбылыс ұзақ мерзімде демографиялық дағдарысқа алып келуі мүмкін.

Бұл орайда мен АҚШ-пен қайшылықтарды баса айтар едім.

Петро АҚШ-тың сыртқы саясатын да сынға алды. Әсіресе Дональд Трамп-пен арадағы пікірталас оның халықаралық аренадағы позициясын айқын көрсетті. Трамп Колумбияны есірткімен күресте әлсіз деп айыптаса, Петро керісінше, мәселені түбегейлі шешу үшін кокаинді жаһандық деңгейде заңдастыруды ұсынды.

Оның ойынша, қатаң тыйым салу саясаты тек қара нарықты күшейтеді. Ал заңдастыру мен реттеу қылмыстық топтардың ықпалын әлсіретуі мүмкін.

Петро тек сын айтып қана қоймай, нақты шешімдер де ұсынады. Оның пікірінше, Америка құрлығы елдері бір-бірімен бәсекелеспей, серіктестік орнатуы керек. Әсіресе таза энергия саласында үлкен мүмкіндік бар.

Ол Оңтүстік Америкада жаңартылатын энергия көздерінің әлеуеті өте жоғары екенін атап өтті. Егер бұл ресурстар дұрыс пайдаланылса, бүкіл құрлықтың энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге болады.

Сонымен қатар, президент халықаралық қатынастарда «өркениеттер диалогы» қажет екенін айтады. Оның ойынша, қазіргі Біріккен Ұлттар Ұйымы мемлекеттер арасындағы ғана емес, халықтар мен мәдениеттер арасындағы диалог алаңына айналуы тиіс.