Оқу-ағарту министрі лауазымына Жұлдыз Сүлейменова тағайындалды.
Мәжіліс Оқу-ағарту министрі лауазымына Жұлдыз Сүлейменованың кандидатурасына келісім берді, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі.
Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі лауазымына Жұлдыз Сүлейменованың кандидатурасы келісілді.
Бұл мәселе «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 22-1-бабына сәйкес қаралды.