Атырау облысында апатты жағдайда тұрған 4 мектеп бар

0 51

Атырау облысында апатты жағдайдағы 4 мектеп ғимаратында 1 514 оқушы білім алуда. Бұл туралы Alashorda.kz сайты  Есеп комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Аталған комитет Атырау облысына бөлінген бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізген.
Аудит барысында 2018 – 2021 жылдары 17 мектепті салу кезінде 11 мектепте үш ауысыммен оқыту жойылмағаны анықталды. Апатты жағдайдағы 4 мектеп ғимаратында 1 514 оқушы білім алуда.
Осыған байланысты, Атырау облысының әкімдігіне апатты және ескі үйлерді, апатты, үш ауысымды мектептерді жою бойынша іс-шаралар кешенін әзірлеуге тапсырма берілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.