Петропавлда колледж студенті асулы күйінде табылды

Петропавлдағы құрылыс-экономикалық колледжінің студенті өз-өзіне қол салды. Полиция «суицид» бабымен іс қозғады, деп хабарлайды Alashorda.kz сайты ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Бүгін Петропавлдағы құрылыс-экономикалық колледж ғимаратының маңынан асылып тұрған жігіттің денесі табылды. Ол осы оқу орнында «құрылысшы» мамандығына оқып жатқан 1-курс студенті болып шықты. Колледж әкімшілігі мәліметті растады.

Куәгерлердің айтуынша, жігіт түнде спирттік ішімдік ішкен. Ал таңғы сағат 8.00 шамасында оның денесі анықталды.

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 4 мамыр күні Назарбаев көшесі, 262 мекенжайындағы колледжде 19 жастағы студенттің мүрдесі табылды. Оқиға орнына полиция қызметкерлері барды. Суицид дерегі ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Тиісті сараптама жүргізіледі.