2023 жылдың бюджетінде жылу желілерін жаңартуға қаржы қарастырылмақ

2023 жылдың бюджетінде жылу желілерін жаңартуға қаржы қарастырылмақ. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев «Тиімді өңірлік саясат – еліміздің орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуының негізі» тақырыбындағы Парламенттік тыңдауда мәлім етті, деп хабарлайды Alashorda.kz сайты ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

«Өңірлерге жылмен жабдықтау желілерін жаңарту жұмысын қатар қолға алу керек. Мұндағы тозу деңгейі 50 пайыздан асады. Кейбір өңірлерде бұл көрсеткіш 80 пайызға жетті. 2023 жылдың бюджетін нақтылау аясында осы мақсатқа қаражат қарастыру жоспарланып отыр. Бірақ бұл жылу-электр орталықтары мен инженерлік желілерді жаңғыртуға бағытталған ауқымды жұмыстардың басы ғана», — деді Сенат төрағасы.