<?php wp_head(); ?> Әулиеатаның бір ауылын су басты (ВИДЕО) - Alashorda ақпараттық-сараптамалық сайты

Әулиеатаның бір ауылын су басты (ВИДЕО)

Жамбыл ауданы Жасөркен ауылындағы жағдай бақылауда, деп хабарлайды alashorda.kz сайты Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Аталған аумақта жұмыстар жүргізілуде. 2024 жылдың 15 сәуірінде сағат 20:35-те Жамбыл ауданы Жасөркен ауылында қатты жауын-шашынның салдарынан Жасөркен көшесіндегі 7 ауланы (№54,52,50,48,49,51,53) және М. Әуезов орта мектебінің аумағын су басқандығы туралы ақпарат келіп түсті.

Қазіргі уақытта оқиға орнында жергілікті атқарушы органдар, ТЖД-нен 51 адам, 4 бірлік техника (2 тиегіш, 2 экскаватор), 10 бірлік техника және 6 мотопомпа жұмыс істеуде.

Жасөркен ауылында 310 тұрғын үй бар, 2209 адам тұрады.

Сондай-ақ, Жамбыл облысының барлық су қоймалары штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын, толып кету қаупі жоқ екенін хабарлаймыз. Интернет желісінде таратылып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды.

Жағдай облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің жеке бақылауында.

Ресми мәліметтерге жүгінулеріңізді сұраймыз!», -деп хабарлайды.

@serik_joldasbay

♬ original sound — sayasi_satira —