Қала басшысы душқа жұбайыңмен түсуге кеңес берді

Колумбия астанасы Богота қаласының мэрі Карлос Фернандо Галан бұл шешімге су тапшылығына байланысты келген, деп хабарлайды alashorda.kz сайты.
Қала басшысы Карлос Фернандо Галан тұрғындарға суды үнемдеу үшін арнайы нұсқаулық берген. Ол ерлі-зайыптылар душқа бірге түссін немесе душқа сирек түссін дейді. Оңтүстік Америкадағы жауын-шашынның аз болуынан бірқатар аймақта су тапшылығы байқалады. Богота қаласының су қоры 54 күнге жетуі мүмкін, ал жаздық ыстық күндеріне дейін жауын жаумаса жағдай тіпті қиындамақ. Мэр әлемде судың жетіспеушілігі жыл өткен сайын артатынын айтып, “әр тамшы үшін жауапкершілік” формуласын ұсынды.