Теннисші Анна Данилина Австрияда өтіп жатқан турнирдің ширек финалына шықты

Қазақстанның теннисшісі Анна Данилина Линцте (Австрия) өтіп жатқан турнирдің 1/4 финалына шықты.
Аталмыш жарыста Анна Данилина жұптық сында бақ сынауда.

1/8 финалда ол ресейлік Ирина Хромачевамен бірге Анастасия Децюк/Мириам Колодзиева (Чехия) жұбын 6:4, 6:4 есебімен жеңді.

Келесі кезеңде ресейлік Анастасия Потапова/Яна Сизикова жұбымен кездеседі.