Ғұмар Серғазин жаңа қызметке тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімімен Ғұмар Серғазин Қазақстан Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары болды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
– Мемлекет басшысының өкімімен Ғұмар Екпінұлы Серғазин Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды, – делінген хабарламада.
Ғұмар Серғазин Қазақ-Америка университетінде білім алған, мамандығы – заңгер (2008 ж.).
– Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, Мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі, (2013 ж.);
– АЭХА Ядролық құқық институты (Австрия) (2015 ж.);
– А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік институты, мамандығы – «электроэнергетика» (2020ж.);
Еңбек өтілі:
«Астана қаласы Сарыарқа ауданы Халыққа қызмет көрсету орталығы» ММ инспекторы, кеңесшісі, бас инспекторы, операциялық зал бастығының орынбасары (2008-2011 жж.);
«БТА Банк» АҚ Заң департаменті Құқықтық қамтамасыз ету басқармасының Құқықтық сүйемелдеу бөлімінің заңгері (заң секторының меңгерушісі) (2011 ж.);
Қазақстан Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық департаментінің Тұрғын үй қатынастары басқармасының сарапшысы, бас сарапшысы (2011-2012 жж.);
Қазақстан Өңірлік даму министрлігі Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы департаментінің Тұрғын үй қатынастары басқармасының бас сарапшысы (2013-2014 жж.);
Қазақстан Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Ішкі әкімшілік ету басқармасының басшысы, Заң басқармасының басшысы (2014 ж.);
Қазақстан Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Заң басқармасының басшысы (2014-2016 жж.);
Қазақстан Энергетика министрлігі Ақпараттық технологиялар және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер департаменті директорының орынбасары (2016-2017 жж.);
Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті төрағасының орынбасары (2017-2023 ж.);
ҚР Энергетика министрлігі Атом энергетикасы және өнеркәсібі департаментінің директоры (2023 ж. наурызынан бастап).