«Абзал дизидің суымен пышақ жуды». Дана Жақсыкелді Шерзаттың қазасына байланысты куәлік берді

Талдықорғанда Шерзат Полаттың ісі бойынша сот процесі бүгін түстен кейін де жалғасты. Бұл жолы екінші куәгер Дана Жақсыкелді жауап бере бастады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Дана Жақсыкелді 2024 жылдың қазан айының 3-нен 4 қараған күні не болғанын айтып берді.
«Бізді 3-і күні «Эферея» кафесіне Рафиль шақырды, біз құрбым екеуміз сол жаққа бардық. Ол жақта дастархан жаюулы тұрған болатын. Кафенің алдына Абзал, Нұрқияс, Рафиль үшеуі тұрды. Біз олармен амандасып кафенің ішіне кірдік. Біз құрбыз екеуміз би алаңына шықтық, ол кезде балалар өздері қалды. Сол кезде Нұрбол деген бала келді, бірақ ол кейін кетіп қалды. Түнгі 12-ге таман «Кафе жабылады» деген соң ол жерден шықтық. Біз қайтайық дегенде Нұрқияс «Қыздарды апарып тастайық» деп айтқан болатын. Мерседес көлігіне Нұрқияс, мен, Рафиль, Эльмира, Азамат жүргізуші болып Шыңғыс отырды. «Үйге қайтамыз» дегенде «Иә, қайтамыз» деді. Бірақ жолда «Дүкенге кіре салайық» деді. Бізде сол сәтте бізде темекі бітіп қалған болатын, сонымен «Қамажай» дүкеніне бардық. Дүкеннің алдында бір топ ұлдар тұрған. Нұрқиястар «Сөйлесіп қайтайық» деп машинадан түсті. Машинадан түскеннен кейін 1-2 минуттан кейін дүкеннен темекі алуға кірген болатынбыз. Сол кезде бірінші Эльмира, содан кейін мен кірдім. Темекі сұрадық, бірақ бізге «Сатпаймыз» деді. Ең бірінші мен шығып кеттім, артымнан Эльмира шықты. Шыққан кезде ерегес басталып кетті. Содан кейін мен машинаның артына кеттім, Рафиль қасымда тұрды ғой деймін. Сосын атыс басталды. Сол кезде бізге қарай сақалды бойы ұзын әрі сұр киімдегі жігіт мылтықпен оқ атты. Бір рет аспанға қарай атты, екінші рет бізге қарай атты», – деді ол.
«Олардың бәрі көлікке бірге отырды. Сол кезде бірден алып келгенін көрген жоқпын. Көлік жүріп кеткен кезде Абзал алдыңғы орына тұрды. Сол кезде мылтық алдыңғы сиденьеде тұрды. Мылтықтан басқа ештеңе көрген жоқпын. “777” дүкеніне барған кезде Эльмира дизи сусынын алып шыққан болатын. Оны ішті ме, жоқ па, нақты білмедім. Бірақ капотқа қойды. Содан кейін Абзал менен капотта тұрған дизиді сұрады. Ол еңкейіп, қолын сүртіп тұрды ғой деймін. Абзалдың қолына дизиді құйып жатқан кезде пышақтың жүзін байқадым. Пышақтың жүзін ғана көрдім. Не үшін жуғанын білмеймін, – деді ол.