Президент 18 жыл бұрынғы Жарлыққа өзгеріс енгізді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі шаралар туралы» ҚР Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі № 314 Жарлығына өзгерістер енгізді.

— «Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі № 314 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін: жоғарыда көрсетілген Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы ережеде: 6-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) Мемлекеттік комиссия қабылдаған шешімдерді іске асыру жөнінде мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар қабылдайтын шараларға мониторинг жүргізеді, — делінген Президент Жарлығында.

Сондай-ақ 11-тармақ мынадай редакцияда жазылды:

11. Мемлекеттік комиссия төрағасының шешімі мен жұмыс органының ұсыныстары бойынша кезектен тыс отырыстар шақырылуы мүмкін, олардың қарауына жоспардан тыс мәселелер шығарылады. Кезектен тыс отырыс өткізілетін күн, оған шығарылатын мәселелер бойынша материалдарды ұсыну және Мемлекеттік комиссия мүшелерінің өз қатысуын растау мерзімдері Мемлекеттік комиссия төрағасының кезектен тыс отырысты шақыру туралы шешімінде айқындалады. Мемлекеттік комиссия төрағасының тапсырмасы бойынша сырттай дауыс беруге бастама жасау арқылы жоспардан тыс мәселелерді шығаруға және қарауға жол беріледі. Мемлекеттік комиссия мүшелерінің сырттай дауыс беруге ұсынылған хаттама ал 17-тармақ мынадай редакцияда жазылды:

17. Мемлекеттік комиссияның шешімдері оның отырысқа қатысып отырған мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады және жүргізілген стенограмма негізінде хаттамамен ресімделеді. Мемлекеттік комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған кезде төрағалық етуші берген дауыс шешуші болып табылады. Мемлекеттік комиссия хаттамасының көшірмелері Мемлекеттік комиссияның барлық мүшелеріне және мүдделі мемлекеттік органдарға жіберіледі“.
Жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның лауазымдық құрамы жаңа редакцияда жазылды.
Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның лауазымдық құрамы мынадай:

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы
„Самұрық-Қазына“ ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
жетекшілік ететін мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарлары
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары — Үкімет Аппаратының Басшысы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары — Ұлттық экономика министрі
Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі
Қазақстан Республикасының Көлік министрі
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі
Мемлекет басшысы Жарлыққа 25 сәуір күні қол қойды және сол күннен бастап қолданысқа енгізілді.

Айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» медалі туралы Жарлыққа қол қойды.