Президент Қазақстан-БАӘ арасындағы ЖЭС-ке қатысты келісімді ратификациялады

Қазақстан Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі бірлесіп жел электр станциясы жобасын іске асырады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
— Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі арасындағы жел электр станциясы жобасын іске асыру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, — делінген хабарламада.
Айта кетейік, заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.