Руслан Берденовтің отадан кейінгі фотосы пайда болды

Үш апта бұрын оқ жарақатын алған Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовтің ауруханадағы фотосы пайда болды, деп хабарлайды аlashorda.kz сайты.
Палатадағы кереуетте жатқан Берденовпен белгілі кәсіпкер Марғұлан Сейсембаев суретке түскен.
Еске салсақ, 21 сәуір күні сағат 20:30 шамасында Шымкент әкімдігі ғимаратының жанында қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қарулы шабуыл жасалған болатын. Шенеунік жамбасы мен иығынан оқ жарақатын алып, ауруханаға жатқызылды. Берденовке төрт сағат бойы ота жасалған. Дәрігерлеи оның өміріне қауіп жоқ екенін айтты.