Зарина Дияс Жапониядағы жарысты жеңіспен бастады

Қазақстанның теннисшісі Зарина Дияс Куруме (Жапония) ITF W50 турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды kaz.inform.kz сайты.
Жарыстың 6-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін рейтингіде 959-орында тұрған жапониялық, 22 жастағы Киса Ёсиокумен өткізді.
Бірінші сетте Зарина 6:4 есебімен басым түссе, екінші сетте қарсыласына бірде-бір гейм берген жоқ – 6:0.
Кездесу 1 сағат 4 минутқа созылды.
Зарина Дияс ширек финалға шығу үшін тағы бір жапониялық, рейтингіде 875-сатыдағы Лиза-Мария Риумен таласады.
Жүлде қоры 40 мың долларға бағаланған Куруме додасы 18 мамырда мәресіне жетіп, жеңімпаз анықталады.