Ақтөбе облысында Президент кеңесшісі полицейлермен кездесті

Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барған Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев полиция департаментінде офицерлік құраммен кездесу өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кездесуге аумақтағы барлық құқық қорғау органының офицерлерімен қатар, ІІО ардагерлері де белсенді қатысты.”Заң мен тәртіп – басты міндет” тақырыбымен өткен өзекті басқосу барысында облыстық полиция департаментінің бастығы Абай Жусупов пен өңір прокуроры Мәлік Әбішев Мемлекет басшысының биыл 14 наурызда өткен Ұлттық құрылтайда берген тапсырмаларын жүзеге асыру аясында атқарылған ауқымды жұмыстар төңірегінде баяндады.

Заң үстемдігін қамтамасыз ету мақсатында жергілікті атқарушы органдармен үйлесімді атқарылған шаралар нәтижесінде жекелеген қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды төмендетудің оң динамикасына да тоқталды.