7 жасар қызды өлтірді деген күдікпен 36 жастағы тұрғын ұсталды (ВИДЕО)

5 маусым күні шамамен сағат 12:00-де Құлсары қаласында 2018 жылы туған қыз үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған.
Сағат 21:28 шамасында оның ата-анасы полицияға жүгінген. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 6 маусым күні түнгі сағат 02:19 шамасында баланың мәи‌іті Құрсай өзегінен табылды.
Баланы өлтірді деген күдікпен Құлсары қаласының 36 жастағы тұрғыны жедел ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалып, сот санкциясымен қамауға алынды.
Аталған дерек бои‌ынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір оқиғаның барлық мән-жаи‌ын анықтау мақсатында тергеу жүргізілуде. Полиция мұндаи‌ ауыр қылмыстар үшін заңда ең қатаң жаза қарастырылғанын ескертеді.

Қылмыстық істің тергелуі Атырау облыстық Полиция департаменті бастығының ерекше бақылауында.