Нариман Курбанов спорттық гимнастикадан Азия чемпионы болды

2024 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нариман Курбанов спорттық гимнастикадан Оңтүстік Кореяның Чечхон қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.

Ол ат снарядындағы жаттығулар бойынша ең үздік нәтиже көрсетті.Финалда Курбанов төрешілердің шешімімен 14.933 ұпай жинап, бірінші орынды иеленді. Екінші орынға Оңтүстік Корея өкілі Вун Хур (14.633 ұпай) жайғасты. Үшінші орынды вьетнамдық Дан Нгок Тхен (14.233 ұпай) еншіледі.

Ілияс Әзізов 13.933 ұпай жинап, бесінші орынға тұрақтады.