Ақмарал Ерекешева көркем гимнастикадан әлем чемпионатында екінші алтын медальді алды

Софияда (Болгария) жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты аясындағы жекелей жарыстардың финалдық кезеңі аяқталды.
Оның еншісінде екі алтын және бір күміс медаль бар. Алдымен Ерекешева доппен орындалған жаттығуда үздік атанды. Кейін таспамен өткен финалда да жеңіске жетті.
Ал шығыршықпен орындалатын жаттығуда ол екінші орынға ие болды. Бұған қоса, Айғаным Рысбек ұршықтармен орындалатын жаттығу бойынша бесінші нәтижені көрсетті.
Айта кеткен жөн, Ақмарал Ерекешева – жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жеңіске жеткен санаулы қазақстандық гимнастардың бірі.