Президент құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа отырысын өткізеді

Ертең, 23 маусым күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа отырысы өтеді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хабарлады.

Жиынға ҚР Үкіметі, Президент Әкімшілігі, Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі, Қаржы мониторингі агенттігі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшылары қатысады.