Денис Полубояринов Азия рекордын жаңартып, чемпион атанды

Қазақстандық ауыр атлет Денис Полубояринов Астанада өтіп жатқан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия біріншілігінде чемпион атанды.
Ол қоссайыстың қорытындысы бойынша 376 (163+213) келі көтеріп, жарыста топ жарды. Сондай-ақ, серпе көтеру сайысында Азия рекордын жаңартты.
Екінші орынға өзбекстандық Руслан Рахматжонов орналасты – 345 (155+190) келі. Үшінші орынды Бахрейн өкілі Джон Мурилло иеленді – 334 (154+180) келі.