23 қарашадан бастап жол ережелеріне енгізілген өзгерістер күшіне енеді

Бүгін, 17:20 / Alashorda
ҚР Ішкі істер министрлігі

10 қарашада жол жүрісі ережелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Өзгерістер 23 қарашадан бастап күшіне енеді, , деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі.

 Елдімекендерде жүк көліктерінің жылдамдығы сағатына 50 шақырымға дейін шектелді. Бұл шектеу жол белгілерімен нақты жылдамдық көрсетілген учаскелерге қолданылмайды (мысалы, 80-90 км/сағ).

Жылдамдықты төмендету – жаяу жүргіншілердің қаза болу қаупін азайтуға бағытталған. БҰҰ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, жылдамдық 60–65 км/сағ болғанда жаяу жүргіншінің қаза болу ықтималдығы 50 км/сағ-пен салыстырғанда 4,5 есе жоғары.

  Көріну нашарлаған кезде (боран, тұман, қар, жаңбыр) жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында колонна жүрісі кезіндегі полиция қызметкерлері мен жол жүрісіне қатысушылардың құқықтары мен міндеттері нақтыланды.

   Патрульдік көлік құралдары ілесіп жүретін колонналарға қатысты талаптар да жаңартылды.

   Мысалы:

Ірі көлемді және қауіпті жүктерді, велосипедшілер топтарын, сондай-ақ балаларды тасымалдайтын автобустарды ілесіп алып жүру кезінде жылдам алынатын (магнитті) бекітпесі бар қызғылт сары немесе сары түсті жарқылдауық маяктарды рұқсатсыз қолдануға болады. Бұған дейін мұндай маяктарды пайдалану үшін рұқсат құжаттарын алу, қайта жабдықтау рәсімінен өту және техникалық куәлікке белгі енгізу талап етілетін. Сондай-ақ жол парағын электронды түрде қолдануға рұқсат берілді. Визуалды қабылдауды жақсарту мақсатында барлық суреттер, жол белгілері мен жол таңбалары цифрландырылды.

қоғам заң тәртіп жол ережелері