Қор нарығында доллар қайта қымбаттады
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды Alashorda.kz сайты.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,77 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы — 432, 83 теңге.
Ұлттық банктің 6 наурыздағы ресми бағамы – 1 долларға 431, 08 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,72 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 436 теңге, сатып алу – 441 теңге.
Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 436,5 теңгеден болса, сатып алу құны – 440 теңге.
Ресей рублі 5,65 — 5,75 теңге аралығында саудаланып жатыр.