Ресей шекарашылары 17 тонна насыбайды Қазақстанға қайтарды
РФ Челябі шекара бекетінің мобильді тобы Қазақстаннан заңсыз әкелінген 17 тонна насыбайдың ізін кесті, деп хабарлайды Alashorda.kz сайты РФ федералды кеден қызметіне сілтеме жасап.
Жүк тиелген көлікті шекарашылар Бугристое бекетінде тоқтатқан.
Жүк көлігінің тіркемесінен жасыл түсті күдікті ұнтақ салынған 500 қап табылды.
Құжатқа сәйкес, машина Қырғызстаннан Челябинскке бет алып, ағаш күлі мен темекі шикізатын әкеле жатқан.
Алушының айтуынша, ол бақша өсімдіктеріне арналған тыңайтқышқа тапсырыс берген.
Жүргізілген сараптама көрсеткендей, қаптарға насыбай салынған. Оны «қара» нарықта 25,5 млн рубльге бағалайды.
Насыбай партиясы Ресейден шығарылды.