Доллар мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 453– 458 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды  alashorda.kz сайты.

Ұлттық банктің 8 қаңтардағы ресми бағамы – 1 долларға 453,43 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,98 теңге болды.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 453,05– 457,05 теңгеден сатылып жатыр. Ал, Алматыда доллар 454,5 – 458 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,91 – 5,11 аралығында саудаланып жатыр.

Еске салайық, 5 қаңтар кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2,29 теңгеге төмендеп, 453,38 теңге болған.